Қазақша | Русский | English  

Қауіпсіздікті бақылай отырып

ECOS

Құрал-жабдықтарға сервистік қызмет көрсету, оларды жөндеу

Өндіруші зауыттардан алған Сертификаттарға ие Компанияның жоғары білікті мамандары жабдықтарға кепілдік және сервистік, жөндеу қызмет, қосалқы бөлшектерді жеткізу қызметтерін көрсетуге дайын.

Компания өлшем құрылғыларын жөндеуге рұқсат беретін.

Жұмыс жасау үрдісі құрал-жабдықтарды өндірушілердің ұсыныстары бойынша, түпнұсқадағы сервистік құжаттамасын, қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып жүргізіледі. Біз өндіруші зауыттардың кез келген техникалық ақпараттарына рұқсатқа ие бола отырып, қызметкерлерінен қажетті техникалық қолдау алып отырамыз.

Компания мамандары жұмыстарды Тапсырыс берушінің нысандарында да, арнайы зертхана жағдайында да орындауға дайын.

Тұрақты тұтынушыларға қосалқы бөлшектердің қажет болу мерзіміне болжау жасалып, Компания қоймасында резервке алынады.

Тапсырыс берушілердің сұраныстарына толық және мезгілінде жауап беру мақсатында, сервистік қызмет көрсету уақытын қысқарту үшін ірі өндіріс аймақтарында жергілікті сервистік бөлімшелер құрылған. Бұл Тапсырыс берушіге жедел сервистік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Алматыдағы орталық бөлімшеден бөлек, мұндай қызмет бөлімшелері Ақтөбе, Ақтау, Ақсу, Атырау,  Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Шымкент, Темиртау,  қалаларында ұйымдастырылған.

Біз Сіздерді алаңдататын барлық сұрақтардың нақты нақты шешімін тауып, өндірістік сұраныстарға толықтай жауап беретін, құрылғылардың тиімді жинағын таңдауын жасау, қосалқы бөлшектерді, тез тозатын бөлшектерді алмастыру мерзімін болжау бойынша құрал-жабдықтарды пайдалану мерзімін толық өтегенше қызмет көрсетуге дайынбыз.

Компанияның біліктілігі мен тәжірибесін біздің тұрақты Тапсырыс берушілер қатарына кіретін, Қазақстанның 200 астам кәсіпорындары жоғары бағалауда.