Қазақша | Русский | English  

Қауіпсіздікті бақылай отырып

ECOSЖобалауды толық жүзеге асыру
Компанияның өндірістік-техникалық қызметі Тапсырыс берушінің нысанында автоматты өрт сөндіру жүйесі , өрт сигнализациясы, газ сигнализациясы, БӨҚжА, периметрді қорғау, өндірістік бейне бақылау, қолжетімді бақылау бойынша шеф-монтаждық, монтаждау, қосу-жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. «Компания  ECOS» ЖШС өнеркәсіптік нысандарындағы  автоматты өрт сөндіру жүйесі саласында тәжірибесі  мол. 
Компанияда адам мен техникалық ресурстың толық жұмыс цикіліне арналған барлық мүмкіншіліктер бар:
- Кәсіпорынды қорғау концепциясын зерттеу және әзірлеу; 
- жобалау;
- құралдарды  жиынтықтылау және жеткізу;
- құрылыс-монтаждау жұмыстары;
- қосу-жөндеу жұмыстары;
- техникалық қызмет көрсету.
«Компания  ECOS» ЖШС өртке қарсы құралдарды өндіретін әлемнің жеткші өндірушілерімен тығыз қызмет жасасады, мысалы мынандай: Eaton, Viking EMEA (Minimax), Tyco Fire Protection Products, Apollo Fire Detectors  және басқа.  
«Компания  ECOS» ЖШС  өзінің клиенттеріне өнеркәсіптік сектор үшін инжиниринг және құралдарды жеткізу саласында қызмет көрсетудің кең спекторын ұсынады.  Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі – Қазақстанның өнеркәсіптік нысандарындағы өрттен қорғау жобаларын толық жүзеге асыру болып табылады, оның ішінде: тексеру, нысанды қорғау концепциясын дайындау, жобалау құжаттамасын келісу және әзірлеу, құралдарды жеткізу, монтаждау және қосу-жөндеу жұмыстары, жөнделген қауіпсіздік жүйесін мемлекеттік органдарға өткізу, сонымен бірге сервистік қызмет көрсету.   Біз озық технологияларды пайдалана отырып, газмұнай,  тау-кен өндірісі, металлургия, энергетика, құрылыс және басқа өнеркәсіп салаларындағы сервис пен қолдау көрсетуді жүзеге асырамыз.    Компанияның  Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің І санаттағы лицензиясы бар
 
 
Компанияның 2008 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықтағы  өндірістік нысандардағы автоматты өрт сөндіру жүйесінің жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен осы жерде таныса аласыздар.