Қазақша | Русский | English  

Қауіпсіздікті бақылай отырып

 

Қызметтер

 

Құрал-жабдықтарға сервистік қызмет көрсету, оларды жөндеу

Өндіруші зауыттардан алған Сертификаттарға ие Компанияның жоғары білікті мамандары жабдықтарға кепілдік және сервистік, жөндеу қызмет, қосалқы бөлшектерді жеткізу қызметтерін көрсетуге дайын.

 

 

 

көбірек...

 

Өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу 

Компания құрамында аккредитация саласында қысым, физика-химиялық өлшеулер (газаналитикалық ӨҚ), температуралық және электрлік өлшем бірліктерін өлшеуге арналған аккредитациядан өткен зертхана жұмыс істейді. 

 

 

көбірек...

 
Техникалық куәландыру

 Ақтөбе, Ақсай, Атырау, Ақтау қалаларындағы бөлімшелерде тыныс алу аппараттарында, өртсөндіргіштерде, сығылған және сұйытылған және т.б. газдарды сақтауға арналған, қысыммен жұмыс істейтін болат және композитті баллондарды теникалық куәландырудан өткізуге арналған стендтер орналасқан. 

 

көбірек... 

  

 

 Жобалауды толық жүзеге асыру

Компанияның өндірістік-техникалық қызметі Тапсырыс берушінің нысанында автоматты өрт сөндіру жүйесі, өрт сигнализациясы, газ сигнализациясы, БӨҚжА, периметрді қорғау, өндірістік бейнебақылау, қолжетімді бақылау бойынша шеф-монтаждық, монтаждау, қосу-жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады.

 

                                                                                                                                                                        көбірек...

 

 Жобалау 

Компанияның құрамына  автоматты өрт сөндіру жүйесі, өрт сигнализациясы, газ сигнализациясы,   периметрді қорғау, өндірістік бейнебақылау, қолжетімді бақылау жобаларын орындайтын жобалау тобы жатады.  І санатты лицензияны иеленуіне байланысты жобалау тобы нысанды қорғау концепциясын әзірлейді, қабылданған шешімді мемелекеттік органмен келіседі, нысандағы барлық жауапты деңгейдегі  жобалауларды жүзеге асырады.  

 көбірек...

 

Оқыту

Компания қызметкерлері жоғары біліктілікке, тәжірибеге, өндіруші зауыттардың сертификаттарына ие бола отырып, Тапсырыс берушінің мамандарын құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану, қызмет көрсету бойынша оқытады. 

 

 

көбірек...