Қазақша | Русский | English  

Қауіпсіздікті бақылай отырып

 «Компания ECOS» ЖШС 1994 жылдан бері Қазақстан  нарығында жұмыс жасап жатыр.   Біздің еліміздің  кәсіпорындарын  өндірістің әр түрлі саласындағы   жоғары сапалы  құралдарымен қамтамасыз етуі компанияның негізгі қызметінің  бірі болып саналады.    Бұған  өндірістік нысанындағы қауіпсіздік, сонымен бірге техникалық қауіпсіздік бойынша сертификатталған құралдарды  жеткізу,  өрт сөндіру жүйесі мен газ сигнализациясы,  өрт сөндіру жүйесі, төтенше жағдайлар туралы хабарландыру және т.б. жатады.   Компанияның Құрылыс-монтаждау жұмысының 1- санаттағы лицензиясы бар.


Сонымен бірге, біз  жобалау және құралдарды жеткізу,  оны монтаждау және қосу- жөндеу жұмыстары , сонымен бірге сервистік қызмет көрсету және  Тапсырыс берушінің қызметкерлерін оқытуды жүзеге асыру шарттарын толық аяқтағанша орындаймыз.   Компанияның  тиісті мемлекеттік лицензиясы  мен  барлық қызмет көрсету түрлеріне рұқсаттамалары  бар және  бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілеріне көңіл бөледі:

•Қазақстан Республикасы аймағында барлық жеткізілетін құралдар сертификатталған;  

•сертификаттардың бекітілген үлгісі берілетін өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру құқығы бар аккредиттелген сынау зертханалары бар;   

•технологиялық құралдардың  қосу-жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау құқығының лицензиялары бар;

•өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығының аттестаттары бар;

•газ анализаторларды калибрлеу және тексеру,  тыныс алу аппараттарына сервистік қызмет көрсету мен композитті және  болаттан жасалған баллондарды техникалық куәландыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын кәсіпорын ретінде кеме қатынасының Теңіз тіркелімі талаптарына сәйкес;

•ISO 9001:2008  және СТ РК ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесі ендірілген;

•OHSAS 18001:2007 және  СТ РК ИСО 18001-2008 талаптарына сәйкес еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы менеджмент жүйесі ендірілген;

•         ISO14001:2004 және СТ РК ИСО 14001-2006  талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі ендірілген.

«Компания ECOS» ЖШС жылу физика шамалары мен температура, қысымның өлшеу құралы, электрикалық шама, физико-химиялық өлшеу құралын калибрлеу және тексеру құқығының  (Алматы қ., Атырау қ.)  Мемлекеттік жүйеде өлшеу бірліктерін қамтамасыз ететін екі тексеру зертханалары аккредиттелген.   Тасымалданатын тексеру құралы өлшеу құралын орнату бойынша жұмысты жүзеге асырады.  


 Тапсырыс берушінің сұранысына толық және шұғыл жауап беру үшін және  ірі өндірістік аймақтарда сервистік қызмет мерзімін қысқарту үшін өкілдіктер мен жергілікті сервис бөлімшелері құрылған.  Бұндай жағдай Тапсырыс берушінің сұранысына   жедел жауап беру үшін және құралдарға сервистік қолдауды жедел көрсету  үшін мүмкіншілік береді.     Алматы қаласындағы бөлімшелер мен  Астана қаласындағы Орталық және Солтүстік шығыс аймақтары бойынша Бас өкілдіктен басқа осындай өкілдік пен сервистік қызмет көрсету орындары Өскемен, Орал, Ақтөбе, Атырау, Актау, Ақсай, Павлодар, Қызылорда, Теміртау, Шымкент, қалаларында  да бар.   Бүгінгі таңда «Компания ECOS» ЖШС –  аймақтық орталықты қосқанда  240 артық қызметкерлерден тұрады.   Компанияның штатында газмұнай, металлургия және кен-тау өнеркәсібі нысандарындағы  жобалау және қауіпсіздіктің автоматты жүйесін  ендіру бойынша  көпжылдық  тәжірибесі бар  мамандары бар.   

 

Жоғарыда айтылғаннан басқа,  «Компания ECOS» ЖШС келесі фирмалардың дербес дистрибьюторы болып табылады:  «Dräger Safety AG&Co.KGaA», «BAUER COMPRESSOREN»,  «VIKING («MINIMAX) GmbH», «Roxtec», «United Electric Controls», «Eaton» (Электротехникалық құралдар, Cooper Crouse-Hinds, MTL, MEDC), «Magnetrol», «Sick», «Apollo Fire Detectors Ltd», «Advanced Electronics Ltd», «Calgaz», «HYST», «SAWEY THPARTY», «Tyco Fire Protection Products (CHEMGUARD Ink, Skum)»,«Eusebi Impianti srl», «SIKA», «TIANHE».


Біз үнемі жеткізілетін құралдардың түрлерін кеңейтеміз,  қызметтің жаңа түрлерін дамыту бағытында жұмыс жасаймыз, сонымен бірге заманауи нарық пен Тапсырыс берушінің  талаптарына сәйкес қызметтің жаңа түрлерін дамытудамыз.   Компанияның біліктілігіне біздің тұрақты клиенттердің  көптеген оң пікірлері қолдау көрсетіп,  олардың құрамына Қазақстан индустриясының әр түрлі саласында жұмыс жасайтын ірі кәсіпорындар кіреді.   


Жоғарыда айтылғаннан басқа, Компания 2013 жылдың қаңтарында FFP1, FFP2 және  FFP3 қорғау сыныбы бар аэрозольдерден қорғайтын жартылай сүзгі-маскалары – Тыныс алу органын жеке қорғайтын құралдар  бойынша жеке өндірісін ашты.  Біздің кәсіпорын  ҚР СТ МЕМСТ Р 12.4.191-2010  « Аэрозольдерден қорғайтын жартылай сүзгі-маскасы»  талаптарына сәйкес өнімдерін шығарады.  Өнімнің сериялары   ECOS РО 1201, ECOS РО 1202, ECOS РО 1203 (клапансыз дем шығару); ECOS РО 1201F, ECOS РО 1202F, ECOS РО 1203F (дем шығару клапаны бар),  аэрозольдерден және органикалық қоспалардың буынан қорғайтын белсендірілген көмірі бар органикалық аралас жартылай масканың сериялары  ECOS РОА 1301, ECOS РОА 1302, ECOS РОА 1303, ECOS РОА 1301F, ECOS РОА 1302F, ECOS РОА 1303F тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.