Қазақша | Русский | English  

Қауіпсіздікті бақылай отырып

ECOSСеріктестер → United Electric Controls

Серіктестер

United Electric Controls

 

 

 

«Компания ECOS» ЖШС United Electric (АҚШ) компаниясы шығаратын қысым, қысым өзгерісі және температура реле-датчиктерін ұсынады. Бұл жабдық жоғары сапа мен сенімділікке ие және өндірістің түрлі салаларындағы құрал-жабдықтар мен адамдарды қорғауға арналған. Қысым, қысым өзгерісі және температура релесі – бұл арнайы шамалар (величина) алдын ала белгіленген шектен шыға бастағанда, басқару жүйелеріне(РСУ немесе ПЛК) дискретті сигнал жіберетін немесе өзі басқаратын құрылғы. Бұл олардың кейбір мәселелерді шешуде маңыздылығын арттырады, әсіресе, бұл құралдарды белгі беру және тоқтату, өрт қауіпсіздігі жүйелерінде қолданғанда пайдалы.

     United Electric Controls реле-датчиктерін 1931 жылдан бері жасап келеді. Көп жылдар бойы жиналған тәжірибе және құралдарды жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс, компанияның ӨБҚ (КИП) нарығында көшбасшылар қатарынан көрініп, тұтынушыларға тиімді әрі ұтымды шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. United Electric релесі үрдісте болатын өзгерістерді әрқашан әр кезде білудің маңызы жоқ, тек шамалар шектен шыға бастауын білу керек кезде қолданылады. Одан бөлек реленің басқа құралдардан артықшылықтары бар:

·         Реленің іске қосылу уақыты – 3-4 мсек, аналогті сигналды өңдеу уақыты бірнеше секундты құрайды;

·         Электромеханикалық реле қоректендіруді қажет етпейді;

·         Реле басқару жүйесінен тәуелсіз жұмыс істей алады және қосу/өшіру қызметні, белгі беру және т.б. қызметтерді атқару үшін қосалқы құралдарды қолдануды қажет етпейді;

·         Реленің бағасы датчик бағасын арзан. Одан бөлек, реле басқару жүйесіне немесе контроллерге дискретті плата арқылы жалғанады, бұл өз кезегінде аналогті түрінен арзан жіне құралды басқару үшін контроллерді қосымша бағдарламалауды қажет етпейді;

·         Реле өлшеу құралы болып табылмайды және тексеруден (поверка) өткізуді қажет етпейді;

·         United Electric электромеханикалық релесі тоқты 25 А 480 В дейін тікелей ауыстыра алады.

     Көптеген жағдайларда реле-датчигін электрконтактті манометрлердің орнына да қолдануға болады. Электрконтактті манометрлерге қарағанда реленің келесі артықшылықтары бар:

·         Реле датчиктері сенімді құрал болып табылады. Олар вибрация, пульсация және соққылық ауыртпалықтарға төзімдірек (мысалы, сораптар және компрессорлар). Реле құрылымында вибрациялардан қорқатын Бурдон түтігі және басқа бөлшектер жоқ. Одан бөлек, United Electric релесінде сенімді әрі ұзақ уақыт қызмет ететін микроауыстырғыштар (микропереключатель) бар, бұл оларды шаң мен лас заттардан қорғауға мүмкіндік береді, ал ЭКМ ашық контакттер болғандықтан, оны жиі тазалап тұру керек, кері жағдайда керек кезде құрал іске қосылмауы мүмкін. Аса қиын жағдайларға United Electric саңылаусыздандырылған микроауыстырғыштарын ұсына алады;

·         Реле өлшеу құралы болып табылмайды және тексеруді (поверка) қажет етпейді;

·         Реле бағасы электроконтактті манометр бағасынан арзан;

·         United Electric өндірістік бағдарламасында жарылыстан қорғалған реле түрлері бар.

     Бұдан басқа, United Electric құрамында электромеханикалық реледен бөлек жаңа «One» сериясына жататын электронды реле де бар. «One» сериясының маңызды қызметтері:

-        Үрдістегі өзгерістерді және басқа да ақпаратты көрсетіп отыратын LCD-дисплей;

-        0-100% диапазонында орнатуға мүмкіндік беретін гистерезис пен алдын ала шамаларды бекіту мүмкіндігі;

-        4-20 мА опционалды шығыс (выход);

-        Өзін-өзі тексеру жүйесі;

     «One» сериясы үш құралдың (датчик, манометр және реле) қасиетіне және тиімді бағаға ие.

 

Компания өнімі:

 

Каталог продукции  

Недорогие реле для OEM

Реле давления, перепада давления и температуры общего назначения

Сигнализаторы давления, перепада давления и температуры во взрывозащищенном исполнении

Электронные реле давления и температуры Серии One