Қазақша | Русский | English  

Қауіпсіздікті бақылай отырып

ECOSСеріктестер → Сhemguard

Серіктестер

Сhemguard

Компанияның бас кеңсесі және зауыты Техас штатындағы Mansfield қаласында орналасқан, АҚШ. Chemguard компаниясы 1984 жылы құрылған. Алғашында өрт сөндіруге арналған құрғақ қоспалар шығарумен айналысқан. Үш жыл ішінде компания жұқа қабат түзетін көбіктүзегіштерін (пенообразователь) жасап шығарумен айналыса бастайды. Келесі он жыл барысында компания FM және UL-де өз өнімдеріне рұқсат алып, стационарлы өртсөндіру құрал-жабдықтарын жасауды бастайды.


2003-2004 жылдары Chemguard Lodyne ™ компаниясын сатып алады және өндірістің түрлі салаларына арналған көбік пен жұқа қабаттардың химиялық тұрақтандырғыштарын шығара бастайды.


2007 жылы Chemguard тозуға төзімді сораптардың зерттеуін бастайды. Бүгінгі таңда Chemguard FM және UL рұқсаты бар 20-дан астам көбіктүзегіштеріне ие. Бұл өндірістегі ең ауқымды, тиімді, қоршаған ортаға қауіпсіз өрт қауіпсіздігі құрал-жабдықтары.

 

 

Веб-сайт: www.chemguard.com