Қазақша | Русский | English  

Қауіпсіздікті бақылай отырып

Серіктестер

Minimax

Компанияның орталық кеңсесі және негізгі зауыт Германияның солтүстігінде орналасқан Бад Олдеслое қаласында орналасқан. Minimax компаниясының негізін қалаушысы Вильгельм Грааф өзінің әйгілі «Minimax» атты конусты өртсөндіргішіне патент алады.

Компания жұмысшылары марка атын ойлап табады – Minimax, яғни минималды шығын, максималды тиімділік.

Minimax кез келген қатерлі жағдайдағы қорғаныстың жеке қағидаларын жасайды.

 

Minimax құралдардың көптеген түрін – өртсөндіргіштен бастап, заманауи автоматты өртсөндіру жүйелеріне дейін ұсынады және өртсөндіру саласына қатысты кешенді техника мен қызмет көрсету бойынша Еуропадағы жалғыз кәсіпорын болып табылады.

 

Minimax сапасы бүкіл әлем бойынша ең таңдаулы болып саналады. Терең сараптама жүргізу, кеңесу және жобалау, жаңа өнімдерді ойлап табу және оларды іске асыру, жұмысшыларды оқыту және де қолдану кезінде пайда болған ақаулықтарды зерттеу – Minimax компаниясы ұстанатын қағидалар.

 

"VdS Schadenverhutung GmbH" фирмасы "Minimax GmbH & Co. KG" компаниясына DIN EN ISO 9001 талаптарына сай өнім шығарып, қызмет көрсететінін растайтын сертификатын тапсырды.

 

«Әр кез бір қадам алда» – бұл Minimax ұраны. Өрт қауіпсіздігін зерттейтін өз орталығының арқасында, Minimax Еуропадағы өртке қарсы арналған құрал-жабдықтар шығаратын кәсіпорындар арасында жетекші орында. Өзінің зерттеу ғимаратында өртену үрдісі тәжірибе жүзінде зерттеліп, оны сөндірудің жолдарын сынақтан өткізеді. Барлық негізгі ұлттық және халықаралық сертификаттау және стандарттау органдарымен тығыз жұмыс істеуінің арқасында, Minimax жаңа халықаралық стандарттарды жасап шығаруда үлкен еңбек етеді.

 

Өзінде бар алуан түрлі құрал-жабдықтар мен техникалық шешімдердің ішінде, Minimax ең тиімдісін таңдауға көмектесуге дайын. Бұл Сіздің жобалауға кетеін шығыныңызды төмендетіп, жалпы шығынның да төмендеуіне ықпалын тигізеді. Өрт қауіпсіздігі жүйелерін орнату және оған мезгілінде техникалық қызмету, Сізді өрттің төтенше салдарынан сақтап, сақтау компанияларында үлкен жеңілдіктерге ие болуға мүмкіндік береді. Қандай жағдай болмасын, қаражатты мұндай мақсатта жұмсау, тез арада өз нәтижелерін береді.

 

Веб-сайт:  www.minimax-russia.ru 

 

Продукция 

MX200 – Тушение, не оставляющее следов